Ең жоғарғы жалақы мөлшерін бекіту керек пе? «Брайтон» иесінің ұсынысы

Ең жоғарғы жалақы мөлшерін бекіту керек пе? «Брайтон» иесінің ұсынысы

«Брайтон» клубының иесі Тони Блум әлем футболындағы коронавирус пандемиясына байланысты болып жатқан дағдарысты жеңу үшін ең жоғарғы жалақы мөлшерін бекітуді ұсынды.

– Мүмкін болса, бүкіл әлемде ең жоғарғы жалақы мөлшерін тағайындау қажет. Тым болмағанда, бұл Еуропа футболына қажет. Әйтпегенде жыл өткен сайын футболшылардың жалақысы көтеріліп, соңында шарықтау шегіне жетеді. Бұл футболды дағдарысқа әкеледі, - деді ол.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты бүкіл чемпионат тоқтап, футбол клубтары кірісінен айырылды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или