Азия Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы 100 мың адамдық стадион құрылысын бастады

Азия Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы 100 мың адамдық стадион құрылысын бастады

Азия Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы «Гуанчжоу Эвергранд» клубы өз стадионының құрылысын бастап кетті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Арена лотос гүліне ұқсас салынады. Стадион 100 мың жанкүйерге арналған. Жоба құны 12 миллиард юаньді (шамамен 1,56 млрд еуро) құрайды. Құрылыс 2022 жылы аяқталмақ.

Қытайдың сан дүркін чемпионының қазіргі стадионы «Тяньхэ» 1987 жылы салынған және оған 60 мың жанкүйер сыяды.

Еске сала кетелік, «Гуанчжоу Эвергранд» 2016 жылы әлемнің ең қымбат клубы атанды. Команданы 2018 жылдан бастап италиялық экс-футболшы Фабио Каннаваро жаттықтырады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или