УЕФА Атқару комитеті коронавирус пандемиясына қатысты жаңа бейнеконференция өткізеді

УЕФА Атқару комитеті коронавирус пандемиясына қатысты жаңа бейнеконференция өткізеді

УЕФА коронавирус пандемиясына қатысты бейнеконференциясының қашан болатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Конференция 23 сәуірге жоспарланған.

21 сәуірде УЕФА-ға мүше 55 қауымдастығы қатысатын ақпараттық сессия өтеді.

Бейнеконференцияда барлық еуропалық және клубтық жарыстарда жағдайдың дамуы талқыланады.

Еске сала кетелік, COVID-19 індетіне байланысты Еуропа турнирлерінің түгелге жуығы, оның ішінде Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы тоқтатылды, ал биыл өтуге тиіс Еуропа чемпионаты 2021 жылға ауыстырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или