Чемпиондар лигасының финалы тамыз айының соңында өтуі мүмкін

Чемпиондар лигасының финалы тамыз айының соңында өтуі мүмкін

The Telegraph жазғандай, УЕФА ұйымы Чемпиондар лигасының финалын 29 тамызда өткізуді ұсынды. Еуропалық жарыстар мен ұлттық лигалардағы ойындардың жаңа кестесін талқылау жалғасып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар лигасының ширек финалының матчтарын 28 және 29 шілдеде, турнирдің қалған бөлігін тамыз айында өткізу ұсынылады.

Еуропа Лигасының финалы 26 тамызда өтуі мүмкін.

УЕФА еурокубоктарды чемпионаттардағы ойындармен бір уақытта өткізуге қарсы емес, бірақ көптеген клубтар бірінші чемпионат мәселесін шешіп, содан кейін еурокубоктарға ауысуды талап етіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или