«Арсенал» клуб басшыларының жалақысын қысқартады

«Арсенал» клуб басшыларының жалақысын қысқартады

Коронавирус пандемиясына байланысты «Арсенал» клуб басшыларының жалақысын қысқартады, деп жазады Prosports.kz.

Лондондық клубтың басшылары алдағы 12 айда жалақыларының кем дегенде 1/3 бөлігін алмайды. Бұл әрекет клубтың күштеуімен емес, қызметкерлердің өз ықтиярымен орын алып отыр.

Айта кетейік, клубтың қаржылық жағдайы айтарлықтай жақсы болмаса да, басшылықтан өзге қарапайым қызметкерлердің жалақысы толық төленеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или