Шотландия Чемпионшипі мерзімінен бұрын аяқталды
Шотландия Кәсіби футбол лигасы коронавирус пандемиясына байланысты екінші, үшінші және төртінші дивизиондарда маусымның аяқталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл шешімді клубтардың 81% қолдады. Оның нәтижелері бойынша «Дадли Юнайтед» Шотландия Чемпионшипінде топ жарса, «Рейт Роверс» 1-лиганың, ал «Коув Рейнджерс» 2-лига жеңімпазы атанды.
Шотландия Премьер-лигасы туралы шешім әлі қабылданған жоқ.
Коронавирус инфекциясының әлемге таралу қаупіне байланысты спорттық шаралар жаппай тоқтатылды. COVID-19 Ухань қаласында (Қытай) өткен жылдың соңында тіркелген. Әлемде аталған инфекцияны 2 миллионнан астам адам жұқтырды 133 мыңнан астам адам көз жұмды. Сонымен қатар, 510 мыңнан астам адам емделіп шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или