Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты Қатарда өтпей қалуы мүмкін бе

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты Қатарда өтпей қалуы мүмкін бе

ФИФА-ның бұрынғы президенті Джозеф Блаттер егер ұйым Қатарды турнир қожайыны болудан айырса, 2022 жылғы Әлем чемпионатын өткізудің бірнеше нұсқаларын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Германияға беруге болар еді, бірақ осы жолы Еуропаға басымдық берілмейді. өйткені 2018 жылғы әлем чемпионаты осы құрлықта өтті. Сол үшін АҚШ-та 2026 жылы жоспарланған әлем чемпионаты 2022 жылы өтуі әбден мүмкін. Мен олардың турнирді өткізе алатынына сенімдімін. Тағы бір үміткердің бірі болған ел - Жапония. Келесі турнирге 48 емес, 32 команда қатысатыны дұрыс шешім болды. Сол үшін ФИФА-ның да проблемасы азаяды», - дейді Блаттер Bild басылымына берген сұхбатында.

Айта кетелік, бұған дейін ФИФА шенеуніктері пара алуы мүмкін деген желеумен Қатардың Әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылатыны туралы хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или