«Реал» мен «Барселона» франциялық футболшыға қызығушылық танытып отыр
«Реал Мадрид» пен «Барселона» англиялық «Челсидің» жартылай қорғаушысы Н'Голо Кантеге қызығушылық танытып отыр, деп жазады Prosports.kz.
29 жастағы әлем чемпионын қатарға қосу үшін Испанияның қос алыбы таласқа түсіп жатыр.
Мадридтік команданың бас бапкер Зинедин Зидан өз отандасының өнерін өте жоғары бағалайды. Шетелдік басылымдардың жазуынша, лондондық команданың басшылары Кантені 70 млн еуроға сатуға дайын.
Ал «Барселона» бұл саудаға Филиппе Коутиньоны араластырғысы келеді. Бразилиялық футболшыны «Челсиге» ұсынып, Кантенің трансферін тездетуге болады деп есептейді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или