Қасым-Жомарт Тоқаев бапкер Бекет Махмұтовтың отбасына көңіл айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі спорт қайраткері, еңбегі сіңген жаттықтырушы Бекет Махмұтовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына және жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Бекет Сапабекұлы ұзақ жылдар бойы елімізде спорт саласын өркендету жолында еселі еңбек етіп, құрметке бөленген еді. Әсіресе, қазақ спортын жоғары деңгейге көтерген білікті бапкер ретінде есімі ел тарихында қалатыны анық. Салмақты да сабырлы мінезімен өз ортасына сыйлы болды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Сөз соңында Мемлекет басшысы оның есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенім білдірді.
Фото: Sputnik Қазақстан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или