Қарағандыда «С» санатына жаттықтырушылар курсы өтті

Қарашаның 3-і мен 5-і аралығында Қарағанды қаласында «С» санатына жаттықтырушыларды оқытудың бірлескен курсы өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстан футбол федерациясы мен Қарағанды облыстық футбол федерациясының бірлесе өткізген аталмыш курсының ерекшелігі сол, бұған ниет білдірген көптеген қатысушылар үшін ашық болды. Жалпы, саны 45 жаттықтырушы қатысқан болса, оның 5-уі нәзік жандылар екенін де айта кеткеніміз жөн. Негізінен олардың барлығы әртүрлі спорттың өкілдері, балалар-жасөспірімдер мектептерінің мұғалімдері, бір сөзбен айтқанда әртүрлі тап өкілдері.

Сабақтарды «Pro», «А» және «В» дәрежелері бойынша УЕФА лицензиялары мен дипломдарына ие «Шахтер» футбол клубының жаттықтырушылары мен Бөкетов атындағы ҚарМУ мұғалімдері жүргізді.

ҚарМУ мамандары жеткіншектер мен жасөспірімдердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері» жайында теориялық сабақтар өткізсе, «Шахтер» ФК бас бапкері Виктор Кумыков пен физдайындық жөніндегі жаттықтырушысы Евгений Свешников футболдың теориясы мен методикасы аясында теориялық дәрістер өткізді.

Соңында қатысушылар пікірлесу формасындағы сынақтан өту үшін екі топқа бөлінді. Бәрі де жоғары біліктіліктерін көрсетіп, курсты жақсы аяқтады. Ал ҚФФ Техникалық орталығының жетекшісі Қайрат Адамбеков қатысушыларға «С» дәрежесіндегі сертификаттар табыстады

kff.kz сайтының мәліметі бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или