Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы құрған клуб Екінші лигаға қатысады
«SD Family» командасы Екінші лиганың 2020 жылғы маусымына қатысатын құрамын жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл команданы Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Дидар Сыдықбек құрған. Өткен жылы «Дидар Сыдықбек футбол орталығы» деген атпен Қазақстан кубогына қатысқан болатын. Ал биыл команданың атауын өзгертіп, Екінші лигада бақ сынағалы отыр.
Дидар Сыдықбек «Астана-1964», «Бәйтерек», «Ақтөбе», «Қызыл Жар» және «Ордабасы» командаларында өнер көрсеткен. «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионы атанған. «Астана-1964» сапында Бірінші лиганың 2012 жылғы үздік жас футболшысы атағын иеленген.
Сыдықбек 25 жасында ауыр жарақатқа байланысты футболшы мансабын аяқтауға мәжбүр болды. Содан бері ол елордада өзінің футбол орталығын ашып, жас футболшыларға көмектсесіп жүр.
Қақпашылар:
№1 Таңат Қанафин (2003)
№13 Богдан Грушевский (2000)
№51 Әлихан Амандық (1999)
Қорғаушылар:
№2 Нұрсұлтан Егемберди (2003)
№5 Саят Еріков (1997)
№8 Бейбарыс Байтақов (1998)
№11 Айсұлтан Бақытбекұлы (2003)
№14 Нұрбол Жұмашев (1994)
№23 Ержан Асқаров (1998)
№33 Мақсат Нарынбеков (2002)
№48 Александр Берг (1997)
Жартылай қорғаушылар:
№9 Қуаныш Советов (1995)
№10 Дидар Сыдықбек (1993)
№18 Әлібек Күзембай (1996)
№22 Нұрсұлтан Байғазы (1998)
№71 Тамерлан Жақсылықов (1998)
№77 Болат Үкіжан (2002)
№99 Айбек Мирабзалов (1994)
Шабуылшылар:
№6 Ернұр Ербатыров (2004)
№7 Абылайхан Оңғарбаев (1994)
№17 Ақсұлтан Сламбеков (2000)
№19 Мадияр Амангелдинов (2003)
№20 Ануар Басенов (1994)
№21 Ақжол Жарасов (1999)
№88 Әділхан Жақсыбай (1998)
Бас бапкер: Ғалымжан Есенбаев (1974)