Францияда көпшілікке арналған іс-шараларға шілде айының ортасына дейін тыйым салынды

Францияда көпшілікке арналған іс-шараларға шілде айының ортасына дейін тыйым салынды

Франция президенті Эммануэль Макрон халыққа арнаған сөзінде елде жаппай шараларға шілденің ортасына дейін тыйым салынғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Демек, бұл кезеңде көрермендермен бірге спорттық турнирлер өткізу мүмкін болмайды.

Жаппай жиналатын орындар да жабық күйде. Футболдан Франция чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Францияда 11 мамырдан бастап карантиндік шаралар сәл жеңілдетілетінін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или