УЕФА чемпионаттар мен еурокубоктар жайлы шешім қабылдады

УЕФА чемпионаттар мен еурокубоктар жайлы шешім қабылдады

Еуропалық клубтар қауымдастығы (ECA) мен Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) осы маусымды аяқтау туралы форматқа келісім жасады, деп хабарлайды Prosports.kz, Cadena Ser. порталына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, барлық ұлттық чемпионаттар тамыз айының басына дейін аяқталып, матчтар көрерменсіз өтеді. Осыдан кейін Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының плей-офф кезеңдерінің қалған матчтары өтеді.

Сонымен бірге жартылай финал мен ширек финалдағы ойындар бейтарап алаңда өтіп, бір матчпен ғана ақталады. Жаңа маусым қыркүйек айында басталады деп жоспарланған.

Еске салсақ, коронавирус пандемиясына байланысты Беларуссия чемпионатынан басқа УЕФА қамқорлығындағы барлық турнирлер тоқтатылды. Еуропа чемпионаты келесі жылға кейінге шегерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или