ҚФФ Президенті Қазақстан чемпиондарына алтын медальдарын табыстады

ҚФФ Президенті Қазақстан чемпиондарына алтын медальдарын табыстады

Кеше «Астана» футбол клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар алқасы Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбековтің қолынан алтын медальдарын алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бүгінге дейін өзінің қысқа ғана ғұмырында «Астана» екі рет Қазақстан кубогын иеленіп, Суперкубок жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Командаға тек чемпиондық қана жетпей жатқан болатын.

Енді міне, жас команда бұл шыңды да бағындырды. Жеңіске деген жігерліктерін, асқан шеберліктерін, сонымен қатар әдемі ойын үлгісін көрсеткен Станимир Стойлов шәкірттері басты бәсекелестері «Қайрат» футбол клубын басып озып, чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды.

Өткен жылы елордалық команда Елбасымыз Н.А. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының мүшелігіне енген. Сонымен қатар, биыл Арменияның «Пюник», Швецияның АИК, Испанияның «Вильярреал» командаларына қарсы ойындарда жанкүйерлеріне ерекше ләззат сыйлады.

ҚФФ Президенті Әділбек Жақсыбеков:

- Қазақстан футбол федерациясының, жалпы футбол қоғамдастығының атынан «Астана» футбол клубын Қазақстан Республикасының 2014 жылғы чемпионатында мерзімінен бұрын чемпион атанғаны үшін шын жүректен құттықтаймын!

Аса тартысты, әрі бәсекелі өткен биылғы чемпионатта «Астана» жеңіске лайықты өнер көрсетті. Дүбірлі дода барысында елорданың командасы тек шеберліктері мен психологиялық мықтылықтарын ғана көрсетіп қоймай, жеңіске деген жігерліктерін танытып, жарқын, әсем ойын үлгісін көрсетті.

Команданың чемпиондық титулы – бұл клубтың барлық бағытта тамаша, әрі дұрыс жұмыс істей білуінің нәтижесі. Клуб қызметкерлерінің әр мүшесінің өз саласында үздік болсам деген ниеті мен мақсаты, ұмтылысы команданың биылғы маусымда осындай жетістікке жетуіне сеп болды.

«Астана» бұл межемен шектеліп қалмай, Қазақстан футболының игілігі үшін жанкүйерлерін жарқын ойындарымен қуантып, өз дамуын жалғастыра беретініне сенімдімін.

kff.kz сайтының мәліметі бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или