Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды
Қазақстан ұлттық командасы Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) рейтингінде 2020 жылғы ақпан айындағы жағдай бойынша өз орнын сақтап қалды.

Бас бапкер Михаил Билектің командасы 118-ші орында қалып отыр. Футболдан Қазақстан құрамасы соңғы ойынын 2019 жылдың қараша айында өткізген болатын. Айта кетерлігі, COVID-19 пандемиясына байланысты биыл старт ойындары өткізілген жоқ.
Қазақстан командасы 27 наурызда Литваға қарсы, ал 30 наурызда Армения командасына қарсы ойын өткізуі тиіс еді. Құраманың Ұлттар лигасындағы қарсыластарына келетін болсақ, Албания 66-шы орында, Беларусь командасы – 87-орында, ал Литва — 131-орынға жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или