Смолов мәскеулік жедел жәрдем қызметіне қаржылай көмек көрсетті
Испаниялық «Сельта» футбол клубының ресейлік шабуылшысы Федор Смолов мәскеулік жедел жәрдем қызметіне қаржылай көмек көрсетті.
Футболшы коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге өз қалтасынан 1 миллион рубль бөлді.
Ол қаржыға дәрігерлерге арналған медициналық маска, респиратор, арнайы көзілдіріктер алынатын болады.
Естеріңізге салсақ, атақты Лионель Месси, Хави, Луис Суарес сынды футболшылар да коронавируспен күреске миллиондап қаржы бөлген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или