«Спартактың» экс-капитаны «Қайратқа» ауысуға келісті
Ресейлік «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Денис Глушаков «Maтч ТВ» телеарнасында Андрей Аршавинге берген сұхбатында алматылық «Қайратқа» баруға келісті, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.
Аршавин: Мен 37-38 жасқа дейін ойнадым? Қазақстанға барғын келмей ме? Айтпақшы, мен қоңырау шала аламын. <span>«Қайрат»</span> мансапты аяқтайтын жаман жер емес.
Глушаков: Мен қарсы емеспін.
Аршавин: Сонымен қатар, сіз ол жерде легионер болып саналмайсыз.
Глушаков: Иә, мен естігем.
Айта кетейік, Глушаков қазіргі таңда <span>«Ахмат» футболшысы. Сонымен қатар бірнеше жыл мәскеулік «Спартак» намысын қорғап, бір мәрте Ресей чемпионы атанды.</span>
<span>Аршавин алматылық «Қайрат» қатарында 2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың қарашасына дейін доп тепті. </span>