Еркін күрес

Қайсанов: Ең алғашқы жарысымда 200 теңге ұтып алғанмын

Қайсанов: Ең алғашқы жарысымда 200 теңге ұтып алғанмын
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы Данияр Қайсанов Instagram желісінде Olympic.kz сұрақтарына жауап берді. Күреске келген балалық шағын еске алған балуан ең алғашқы жеңісі туралы айтып берді.

- Күреске деген қызығушылығым әкемнен дарыған. Себебі, ол да жас кезінде күреспен шұғылданып, кейін әскерге кетеді де, спорттан алшақтайды. Десе де, әкемнің еркін күреске деген үлкен сүйіспеншілігі мені кілемге алып келді. 2003 жылдан бастап спортпен шұғылдана бастадым. Кейін мені спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатқа берді.

Үйден алшақтап көрмеген соң, интернат өміріне үйренісу оңай болған жоқ. Тіпті, жаттығуды қойып, интернатта оқымаймын деп шештім. Осылай жаттығуды азайтып жүргенде, өзім талай рет ұтып жүрген спортшыдан жеңіліп қалдым. Бұл жеңіліс маған қамшы болды. Намысқа тырысып, қайтадан мектепке оралып, шындап кірісе бастадым. Ал бала кезімдегі ең алғашқы турнирімде жеңіске жетіп, 200 теңге ұтып алғаным бар (күлді). Бұл бала кездің тәтті естелігі, - дейді Данияр.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер