«Самрұқ» құстай самғаған команда

Қазақ футболының тарихындағы жаңа чемпион - «Астана» футбол клубы. Алты жылдық тарихы бар президенттік команда тұңғыш рет ел біріншілігінде топ жарып, күміс табақшаның иесі атанды. Осы ретте «РRОСПОРТ» тілшісі Станимир Стоиловтың командасы жасаған «алтын» жорықты саралап көрмек.

Алдымен тарихқа шегініс жасайық. 2008 жылы желтоқсан айында «Мегаспорт» пен «Алма-ата» командаларының бірігуінен «Локомотив» клубы құрылды. Елордалық ұжым тек қана биік межелерді алдына мақсат етіп қойды. Отандық футболда беделді ойыншылар; Андрей Карпович, Жамбыл Көкеев, Ринат Абдуллин, Мақсат Байжанов секілді футболшыларды қатарына қосты. Ресей чемпионатында атой салып жүрген Андрей Тихонов пен Егор Титов та елордалық команда сапында доп тепкен. «Астана» командасы 2010, 2012 жылдары ел Кубогын жеңіп алып, 2011 жылы Суперкубокты иемденді. Соның арқасында 2013-2014 жылғы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынау бақытына ие болды. Алайда ол кездегі «шикі» ұжым болгариялық «Ботев» командасынан бірінші електік кезеңде-ақ таяқ жеп, қос кездесудің қорытындысы бойынша 6:0 есебімен жол беріп қойды.

Биылғы маусымға дайындықты Григори Бабаян бастады. Өткен жылғы құрам өзгеріске ұшырап кәдімгідей ауыс-түйістер болған. Ұлан Қонысбаев, Абзал Бейсебеков, Валерий Коробкин мен Зелаоның орнына Рохер Каньяс, Серікжан Мұжықов, Дмитрий Шомко, Георгий Жуков және Бауыржан Жолшиев келді. Алғашында чемпиондықтан таласы бар бұл команда өз деңгейіндегі ойын өрнегін көрсете алмады. Ойыншылар алаңда бір-бірін жете түсінбеді. Дегенмен жаңа бапкер келгенше елордалық ұжым қажетті ұпайын жинап алды. Жаз мезгілінде «Астананың» тізгінін болгариялық маман Станимир Стоилов алды. Міне, осыдан кейін ойын өрнегі жөнге келе бастады елордалықтар. Станимир Стоилов ортаға тез сіңісе білді. Болгариялық маманның келуімен маусымның екінші бөлігінде команда бірде-бір мәрте қарсыластарына үш ұпай сыйлаған емес. Уақыт өткен сайын «Астана» қарқынын үдетіп, чемпионат аяқталар тұста алматылық «Қайратпен» бір көште келе жатты. Ал астаналар дербиінде елордалық ұжым «Қайратты» 5:1 есебімен тас-талқан етіп, чемпиондыққа бірден-бір лайық команда екендігін дәлелді. Соңғы турда «Астана» «Қайсарды» өз алаңында ұтып, чемпиондық атаққа ерте қол жеткізді.

«Астана» чемпиондыққа лайықты ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін төмендегідей себептерді тілге тиек етейік.

Алғашқы фактор - командадағы футболшылардың шеберлік деңгейі. Рохер Каньяс, Серікжан Мұжықов, Дмитрий Шомко, Атанас Курдов, Георгий Жуков, Бауыржан Жолшиев, Ненад Эрич, Фокси Кетевоама, Патрик Твумаси мен Дамир Кояшевич сияқты ойыншыларды өз қатарына қосқысы келмейтін қазақстандық команда жоқ шығар. Әр футболшының командада ойып алар орны ерекше және дәл олардың талмай еткен еңбегінің арқасында чемпиондық тәж астаналықтарға бұйырды.

Команданың еурокубоктағы ойындары мен ел біріншілігінің екінші кезеңінде бірде-бір рет жеңілмеуі салмақты дәлел. Швецияның азулы АИК клубын сырт алаңда шаң қаптырып, Израильдің «Хапоэль»-ін тас-талқан етіп жеңуі түптің-түбінде нағыз чемпиондық ойынның көрсеткіші.

Міне аталған факторлардың арқасында «Астана» клубы тұңғыш рет чемпион атанып, тарихтың жаңа парақшасын ашты. Алдағы уақытта елордалықтар Чемпиондар лигасында қазақтың көк туын көтеріп шығады. «Самұрық-қазынаның» қаржыландыруымен самрұқ құстай самғаған ұжымның қанаты талмасын деген тілекпен мақаланы аяқтағым келіп тұр.

Ой қозғаған: Айбар РЫСДӘУЛЕТ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или