«Қолдан келгеннің бәрін жасайық». Роналду коронавирус пандемиясы туралы жазды (фото)
«Ювентус» ойыншысы Криштиану Роналду коронавирус пандемиясына қарсы бірігуге шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
35 жастағы португалиялық Италия және Португалия тулары бейнеленген маскамен суретке түсіп, әлеуметтік желілерге жариялады.
«Әлем қиын жағдайда тұрғанда біздің бірігуіміз және бір-бірімізді қолдауымыз қажет. Қанеки, көмек беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайық», - деп жазды Роналду.
In this very difficult moment for our world it is important we unite and support each other. Let’s all do what we can to help. #beyondthemask #nevergiveup pic.twitter.com/SQjkeRlSw8
— Cristiano Ronaldo (@Cristiano) April 10, 2020
Айта кетелік, Италияда 140 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырса, Португалияда 14 мыңға жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или