Күрес

Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандармен «Мықты болып, үйде қал» шарасына қатысты

Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандармен «Мықты болып, үйде қал» шарасына қатысты
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемі (UWW) COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға арналған «Мықты болып, үйде қал» атты акция аясында спортшыларға өтініш білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Акцияда UWW 70-ден астам балуанның үндеуін Instagram, Facebook және YouTube желілері арқылы жеткізді. Соның ішінде Джордан Берроуз бен Артур Алексанян бар. UWW президенті Ненад Лалович акцияға қатысқан барша боз кілем балуандарына алғысын білдірді.

«Спортшылар тарапынан осындай белсенділіктің болғанына, барлығына жауапкершілікпен қарап, бір мүдде жолында жүргенімізді көрсеткеніне өте қуаныштымын. Осындай қиын сәтте бір-бірімізді түсініп, қолду білдіру біздің мықтылығымыздың көрсеткіші деп білемін», деді Лалович.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер