«Карантин Премьер-Лига» онлайн турнирі. 1/2 финал

«Карантин Премьер-Лига» онлайн турнирі. 1/2 финал

Prosports.kz пен QFantasy ұйымдастырған «Карантин Премьер-Лига» онлайн турнирі жалғасып жатыр. Шешуші кезеңдерге де жеттік, ойында тек мықтылар ғана қалды.

Турнирдің ширек финалы сенсациясыз өтті, фаворит командалар сенімді түрде жартылай финалға жолдама алды.

Енді, 1/2 финалда «Жетісу» мен «Қайрат», «Астана» мен «Ордабасы» командалары «кездеседі». Турнирдің алдыңғы кезеңдеріндегідей, қарсыластар кездейсоқ түрде тартылған жеребе арқылы анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, ойындар кубоктық режимде өтеді. Кездесу тағдырын бір ойын шешеді. Жеңімпаздарды сайт оқырмандары дауыс беру арқылы анықтайды. 

 

Өз таңдауыңызды жасаңыз! Бұл кезеңде дауыс беру 11 сәуірге дейін жалғасады.

Блог жаңартуларын қадағалап, Prosports.kz және QFantasy әлеуметтік желілеріне жазылыңыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или