«Бавария» ардагер ойыншысымен жаңа келісімшарт жасасты
«Бавария» футбол клубы ардагер ойыншы Томас Мюллермен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.
Мюнхендік клубтың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жаңа келісімшарт 2023 жылға дейін жасалған.
30 жастағы Томас бала жастан «Бавария» сапында доп теуіп жүр. Жалпы 521 ойынға қатысып, 195 гол соққан және 146 нәтижелі пасымен көзге түскен. 8 мәрте Германия чемпионатын, 5 рет Германия кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар, Чемиондар лигасында да топ жарған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или