«Бавария» коронавирусқа қарамастан жаттығуын бастайды
<span>Мюнхеннің «Бавария» футбол клубы 6 сәуірден, яғни бүгіннен бастап жаттығу жұмыстарын бастайды. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады. </span>
<span>Негізгі құрамның ойыншылары аздаған топтар бойынша жаттығуына кіріседі. Олар жиналу үшін жергілікті билік рұқсатын алған. Сондай-ақ команда өкілдері жанкүйерлердің жаттығу базасына келмеулерін де өтінген. </span>
<span>CSSE дерегі бойынша, қазіргі таңда әлемде 1 204 782 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Германияда ауырғандар саны 100 мыңнан асады. Әлем бойынша 4-ші орында.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или