Ақтаулық спортшылар әлемдік додада төрт медаль еншіледі

Грепплинг, ММА және панкратионнан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Сайыс Венгрияның Кечкемет қаласында өтіп, 20 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы келді. Қазақстан құрамасының намысын 30 спортшы қорғады.

Еліміздің қоржынына жалғыз алтын медальді 53 келіге дейін салмақта сынға түскен Фатима Ахвердиева алып келді.

Берік Майлыбаев (71 кг) грепплингтен, Нұрбек Мұңлықов (100 кг) панкратионнан және Мурад Абдурахманов ММА-дан қола жүлдені місе тұтты.

Tumba.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или