«Бавария» жаттығу жұмыстарын 6 сәуірден бастайды
Германияның «Бавария» футбол клубы коронавирус пандемиясына қарамастан жаттығуды 6 сәуірден бастап жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаттығу барысында ойыншылар бес топқа бөлінетіні атап өтілді: бес адамнан тұратын бір топ және төрт ойыншыдан төрт топ. Топтар бір-бірімен араласпай кезек-кезек жаттығулар жасайды. Шомылуға және тамақтануға тыйым салынады.
Еске салсақ, Германия чемпионаты 30 сәуірге дейін тоқтатылған. 34 турдың 25-і артта қалды. Мюнхендік клуб турнир кестесінде көш бастап тұр.
Бавария Германиядағы аурудың таралу ошағы. Коронавирусты жұқтырғандардың саны 90 мыңнан асады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или