Еркін күрес

Әлішер Ерғали: Карантин кезінде жақындарымның қасында боламын

Әлішер Ерғали: Карантин кезінде жақындарымның қасында боламын
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі, 2019 жылғы лицензиялық әлем чемпионатында үздік бестікке енген Әлішер Ерғали COVID-19 індетінің таралуына байланысты енгізілген карантин кезінде бос уақтын қалай өткізіп жатқанын айтты.

- Карантин мен төтенше жағдай режимін жариялау басшылық үшін оңай шешім емес. Ал мұндай кезеңде бізге өте сақ болып, денсаулығымызды күтіп, үйден шықпаған жөн.

Бүгінде барша қазақстандықтар секілді мен де үйдемін. Жер үйде тұратындықтан, аулада алаңсыз жаттығуға мүмкіндік бар. Карантин енгізілетінін естіген соң, қаладағы туысқан әпкемді де үйге ала кеткенмін. Ол да спортпен шұғылданады. Қазір екеуміз бірлесіп жаттығудамыз.

Мұндай қиын сәтте бізге бірге болған дұрыс. Әлемдік жарыстардың бәрі кейін шегеріліп, тіпті, Олимпиада ойындарының өзі 2021 жылға ауыстырылды. ХОК-тың бұл қадамға баруынан-ақ, індеттің қауіпті екенін түсінуге болады.

Олимпиада ойындарының келесі жылға ауыстырылғаны спортшылар үшін аздап қиын соққаны рас. Төрт жылдық дайындық кезеңінде енді біраз өзгеріс болады. Бастысы - адам денсаулығы. Сол үшін бір жыл да көзді ашып-жұмғанша өтіп кететінін айтқым келеді. Карантин аяқталған соң, Олимпиадаға тыңғылықты дайындық басталады", - дейді Әлішер.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер