Испаниялық «Бетистің» стадионы коронавирус пандемиясымен күреске жабдықталады

Испаниялық «Бетистің» стадионы коронавирус пандемиясымен күреске жабдықталады

Испаниялық «Бетис» клубының стадионы коронавирустық пандемиямен күресу үшін жабдықталады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы Cadena Cope порталы жазды.

Дереккөздің хабарлауынша, Севилья мен оған қарасты провинциялардың медициналық қызметкерлеріне арналған маскаларды стадионда сақтауға болады.

Бұған дейін клуб пациенттердің тыныс алуына арналған түтіктер мен көмекші материалдар, 5 мыңнан астам қолғап, 100 маска, сонымен қатар дезинфекциялық және басқа да гигиеналық заттарды қайырымдылық ретінде берген.

Айта кетелік, соңғы мәліметтерге сүйенсек, әлемде COVID-19 жұқтырғандарының саны 1 миллионнан асты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или