ФИФА 2021 жылғы Олимпиадаға қатысушылардың жас шегін 24-ке дейін көтерді

ФИФА 2021 жылғы Олимпиадаға қатысушылардың жас шегін 24-ке дейін көтерді

ФИФА коронавирустық пандемияға байланысты Токиодағы Ойындарды 2020 жылдан 2021 жылға кейінге шегеру аясында футболдағы олимпиадалық турнирдің жас шегін өзгертті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол дәстүрлі 23 жастан 24 жасқа дейін жаңартылды. Осылайша 1997 ж.т. және одан кіші ойыншылар турнирге қатыса алады.

Қатысушы командалардың әрқайсысына шектеу жасынан үлкен үш ойыншы қатыса алады.

Олимпиада турниріне 16 команда қатысады - Аргентина, 2016 жылғы ойындардың жеңімпазы Бразилия, Франция, Германия, Испания, Румыния, Жаңа Зеландия, Египет, Кот-д'Ивуар, Оңтүстік Африка, Австралия, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея, Жапония, сонымен қатар, CONCACAF іріктеу ойындарында жеңіп шыққан 2 командасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или