Әлем футболы

Ұлттық құрамалардың маусымдағы ойындары кейінге шегеріледі

Ұлттық құрамалардың маусымдағы ойындары кейінге шегеріледі
news-banner7
mobile-news-top

FIFA басшылығы конференц-байланыс арқылы ұйымдастырылған алғашқы кездесуден кейін бірқатар ұсыныстарды мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұсыныстардың бірі - ұлттық құрамалардың маусымға жоспарланған барлық матчтарын кейінге қалдыру.

«FIFA барлық конфедерация өкілдеріне оң үлестері мен ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіріп, осындай шешімдер қабылдауға себеп болған бірлік, ынтымақтастық және өзара түсіністік рухын ерекше атап өтеді. ФИФА денсаулық сақтаудың әрдайым кез-келген шешім қабылдау кезінде басты басымдыққа ие болатынын және басты критерий болуға тиіс екенін үнемі қайталап айтады», - деп мәлімдеді ұйымның ресми сайты.

Коронавирустық инфекцияның бүкіл әлемде таралу қаупіне байланысты спорттық шаралар жаппай кейінге шегеріледі немесе толық тоқтатылады. Спортшылар карантин ережелерін қатаң ұстана отырып, спорттық формаларын жеке-жеке қалпында ұстап отыруға тиіс. COVID-19 алғаш рет Ухань қаласында (ҚХР) өткен жылдың соңында тіркелген. Әлемде 1 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Соның ішінде 58 мыңнан астам адам көз жұмды. Вирус жұқтырғандардың 210 мыңнан астамы емделіп шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер