Әлем футболы

Бундеслиганың 13 клубы банкротқа ұшырауы мүмкін

Бундеслиганың 13 клубы банкротқа ұшырауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Германия Бундеслига клубтарының үштен бірінен астамы коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылған ұлттық чемпионат мамыр айында қайта басталмаса, өздерінің қаржылық дәрменсіздігін жариялай алады, деп хабарлайды Prosports.kz Kicker-ге сілтеме жасап.

Германияның жетекші футбол басылымының хабарлауынша, екінші Бундеслиганың жеті клубы, егер ойындар мамыр айына дейін жалғаспаса, банкроттық туралы жарялай алады. Маусымда тағы екі клуб банкротқа ұшырауы мүмкін. Бірінші Бундеслигада төрт командаға да дәл осындай қауіп төніп тұр. Бір клуб өз міндеттемелерін тек мамыр айына дейін орындай алады, тағы үшеуіне маусым айында банкрот болу қаупі бар.

Жалпы, Германия Бундеслигасында бірінші және екінші лигаларға бөлінген 36 клуб бар.

Еске сала кетейік, наурыздың ортасынан бастап, COVID-19 коронавирус инфекциясының тез таралуына байланысты, Еуропа ұлттық футбол чемпионаттарының басым көпшілігі тоқтатылды. COVID-19 індетінің өршуі Уханьда (ҚХР) 2019 жылдың соңында тіркелген. Германия коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша әлемде төртінші орында - 3 сәуірдегі мәліметтерге сәйкес, елде 87,2 мың ауру тіркелген.

Фото kicker.de

Оқи отырыңыз:

Бельгия чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды

АПЛ маусымының тоқтауы мамыр айына дейін жалғасады

А сериясы мамырдан да кейінге қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер