УЕФА басшысы Бельгияға сес көрсетті

УЕФА басшысы Бельгияға сес көрсетті

УЕФА президенті Александр Чеферин Бельгия мен басқа да қауымдастықтарға осы маусымды мерзімінен бұрын аяқтау туралы біржақты шешім қабылдамауға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz Spiegel-ке сілтеме жасап.

«Менің ойымша, бұл дұрыс жол емес. Біржақты шешім қабылдамау керек. Егер шынымен, Бельгия аусымды уақытынан бұрын аяқтағысы келсе, онда еурокубоксыз қалу қаупі бар», - деп жеткізді УЕФА басшысы ұйымның ұстанымын.

Еске салайық, Бельгия Pro League басшылығы чемпионатқа қатысушыларға маусымды мерзімінен бұрын аяқтауға кеңес берді. Соңғы шешім Лиганың Бас ассамблеясында қабылданады. Бельгия кубогы мен елдің екінші лигасын өткізу туралы шешім қабылдау үшін арнайы жұмыс тобы шақырылады.

Фото spiegel.de

 

Оқи отырыңыз:

<h1 class="feed-title">Бельгия чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды</h1> <h1 class="feed-title">АПЛ маусымының тоқтауы мамыр айына дейін жалғасады</h1> <h1 class="feed-title">А сериясы мамырдан да кейінге қалды</h1>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или