А сериясы мамырдан да кейінге қалды
Италия чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты мамыр айында қайта басталмауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Football Italia сайтына сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, Италияның А сериясы маусымы адамдардың денсаулығы қалпына келгеннен кейін ғана басталады.
Бұған дейін Италия чемпионаты 2 мамырда жалғасын табады деп хабарланған болатын. Матчтарды көрерменсіз өткізу жоспарланып жатыр. Футбол маусымы 2020 жылдың 30 маусымында аяқталуы мүмкін.
COVID-19 індеті 2019 жылдың соңында Уханьда (Хубэй провинциясы, ҚХР) пайда болды. Қазіргі кезде әлем бойынша 1 миллионнан астам адам аталған вирусты жұқтырған. 55 мыңнан астам адам көз жұмды. Италияда 3 сәуірде 115 мыңнан астам коронавирус инфекциясы тіркелді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или