«Қайсар» Премьер-Лигаға шыққан «Оқжетпес» командасын құттықтады

«Қайсар» футбол клубының ұжымы Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын Бірінші лиганың жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қайсар» футбол клубы «Оқжетпес» командасының футболшыларын, бапкерлер алқасы мен басшылығын, жалпы барлық қызметкерлерін жеңістерімен құттықтап, келесі маусымға сәттілік тілейді! Өздерінің жарқын ойындарымен Көкшетаудың командасы енді Премьер-лигада жанкүйерлерін қуанта береді деп сенеміз!», - делінген құттықтау жолдамасында.

Айта кетейік, 27 турдан кейін 61 ұпай жинаған «Оқжетпес» біріншіліктің аяқталуына бір тур қалғанда Бірінші лига жеңімпазы атанды. Жиырма ойында жеңіске жетіп, бір ойында тең түсіп, алтауында ғана жеңілістің кермек дәмін татқан Андрей Ферапонтов шәкірттері қарсылас қақпасына 55 гол соқса, өз қақпаларына 32 доп жіберіп алған.

fckaysar.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или