Күрес

Қазақстандық балуан қыздар UWW рейтингінде үздік төрттіктен көрінді

Қазақстандық балуан қыздар UWW рейтингінде үздік төрттіктен көрінді
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемі (UWW) әйелдер күресінен әлемдік рейтингті жаңартты. Алғашқы төрттік тізімінде қазақстандық балуан қыздар да бар.

50 келіде әлем және Азия чемпионатының қола жүлдегері Валентина Исламова өз салмағында алғашқы төрттікке енді. Ол 39 ұпай иеленген.

Азия чемпионы Жәмила Бақбергенова 72 келі салмақта үшінші орында келеді. Жәмиланың еншісінде 36 ұпай бар.

Құрлық додасының жүлдегері Эльмира Сыздықова 76 келіде төртінші орында тұр. Ол 44 ұпай иемденген.

Айта кетелік, осыған дейін грек-рим және еркін күрестен әлемдік рейтинг жарияланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер