Еркін күрес

Қазақстандық төрт еркін күрес шебері әлемдік рейтингте үздіктер қатарына кірді

Қазақстандық төрт еркін күрес шебері әлемдік рейтингте үздіктер қатарына кірді
news-banner7
mobile-news-top

UWW еркін күрестен наурыз айында үздік төрттіке енген балуандар тізімін жария етті. Аталған рейтингте қазақстандық спортшылар да бар, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

65 келіде әлем чемпионатының финалисі Дәулет Ниязбеков рейтингте үшінші орында келеді. Ол Ресей және Үндістан балуандарын алға жіберген.

70 келідегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрғожа Қайпанов та алғашқы үштікке жайғасқан. Жас балуан Ресей мен Польша спортшыларының соңын ала келеді.

74 келіде Азияның екі дүркін жеңімпазы Данияр Қайсанов үшінші орында тұр. Қайсанов әйгілі Франк Чамизо (Италия) мен ресейлік Заурбек Судаковтан аз ғана ұпайға қалып тұр.

79 келідегі Ғалымжан Өсербаев рейтингтің үшінші сатысында енді. Бұл салмақта АҚШ пен Әзірбайжан балуандары көш бастап тұр.

Фото: zhasalash.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер