Қазақстандық қорғаушы еуропалық клубқа ауысты

Қазақстандық қорғаушы еуропалық клубқа ауысты

Қазақстандық қорғаушы, алматылық «Қайраттың» түлегі Тимур Рудосельский «Смолевичи» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Transfermarkt порталының хабарлауынша, отандасымыз беларусь клубымен жыл соңына дейін келісімшартқа отырған. 25 жастағы футболшы бұған дейін ҚПЛ-да «Оқжетпес» сапында өнер көрсеткен.

Қорғаушы мансабында «Қайрат», «Жетісу», «Оқжетпес», п<span>етах-тиквалық </span>«Хапоэль» командаларында ойнады.

Естеріңізге сала кетейік, футбол бойынша Беларуссия чемпионаты 19 наурызда басталды.

Айта кетейік, бұл турнир коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылмаған жалғыз турнир.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или