Ла Лига маусымы үш түрлі жолмен аяқталуы мүмкін
Ла Лига басшылығы коронавирус пандемиясына қарамастан маусымды аяқтағысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Marca газетінің хабарлауынша қазіргі кезде маусымды аяқтаудың үш жолы қарастырылуда. <br />1)Маусым мамыр айының ортасында басталып, шілденің ортасында аяқталады. Командалар аптасына үш ойынға дейін өткізуі мүмкін. Барлық ойындар көрерменсіз өтеді. <br />2)Маусым жазда жалғастырылады. Жаз бойы өткен маусымды аяқтап, күзде жаңа маусым басталады. <br />3)Маусымды қыркүйек айында жалғастырып, келесі маусымның басталу уақытын кейінге шегеру. <br />Естеріңізге салатын болсақ Ла Лиганы 12 наурызда екі турға тоқтатқан болатын. Кейінірек коронавирустың өршуіне байланысты белгісіз уақытқа тоқтатылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или