«Қайрат» ресейлік футболшы үшін қанша ақша төледі?
Күні кеше «Қайрат» құрамына ресейлік жартылай қорғаушы Кирилл Колесниченко қосқанын ресми жариялады.
Немістің беделді Transfermarkt порталының мәліметіне сүйенсек, «Қайрат» 20 жастағы футболшы үшін «Чертаново» клубына 250 мың еуро төлеген. Оның алматылық командамен келісімшарты 3 жылға жасалған.
Кирилл Колесниченко Ресей Премьер-лигасындағы алғашқы ойынын 2018 жылы «СКА-Хабаровск» сапында өткізді. Одан кейін қайтадан «Чертаново» клубына оралып, онда 30 ойында 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или