Ол Twitter желісіндегі парақшасына Ирландия қазынасына індетпен күреске 1 миллион еуро аударатынын мәлімдеді. Жұлдызды файтер оған дәлел ретінде елдің қаржы министрі Паскаль Донохьюмен жазысқан хатын қоса жария етті.

«Мен бүгін бір миллион еуроға жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға шешім қабылдадым және оларды Ленстердегі барлық ауруханаға таратуды сұраймын. Бұл ең көп зардап шеккен өңір», – деп хабарлады МакГрегор.

Бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясынан 21 мыңнан астам адам көз жұмған.