Әлем футболы

ФИФА коронавирус кесірінен жазғы трансферлік кезеңді қаңтарға дейін созбақ

ФИФА коронавирус кесірінен жазғы трансферлік кезеңді қаңтарға дейін созбақ
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) клубтармен жазғы трансферлік терезені 2021 жылдың қаңтарына дейін ұзарту мүмкіндігін талқылауға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz The Telegraph-қа сілтеме жасап.

Британиялық басылымның жазуынша, бұл коронавирустық пандемияға байланысты көптеген турнирлердің тоқтатылуына байланысты клубтардың бюджет балансын қалпына келтіруге көмектеседі. Алдағы уақытта FIFA өкілдері бұл мәселені клубтармен талқыламақ. Кейбір жетекші клубар бұл идеяны қолдап та отыр.

Келесі трансферлік терезеде үлкен қаржылық шығындарға байланысты клубтар үлкен қаржы ресурстарын жұмсамайды және үлкен трансферлер жасамайды деп күтіліп отыр.

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты наурыздың ортасынан бастап барлық Еуропа елдерінде ұлттық чемпионаттар тоқтатылды, матчтар тек Беларусьте жалғасып жатыр. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы да тоқтатылды. Еуропа чемпионаты , Олимпиада және Америка Кубогы 2021 жылға ауыстырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер