«Қайратым» деп мен жүрмін. Қайрат қылмай сен жүрсің...

Кезінде Әбділдә Тәжібаев ақын: «Қайратым» деп мен жүрмін, қай­рат қылмай сен жүрсің» деп қайраған екен команданы. Арқа сүйер сүйеніші – бір жарым миллиондай тұрғыны бар мегаполистің атынан өнер көрсететін, бүгіндегі беделді клуб тағы да чемпиондықтан күдер үзді…

Ел біріншілігінің аяқталуына санаулы ғана кездесулер қалса да Қазақстан чемпионы белгілі болып қойды. «Астана» - күміс табақшаның иегері. Осы орайда «РRОСПОРТ» тілшісі биылғы маусымда жарқын жеңістері арқасында жанкүйерлердің үміт отын маздатып, чемпиондыққа бір қадам жетпей тоқтаған «Қайраттың» ойынына баға беріп, сараптама жүргізіп көрмек.

Қалай басталып еді бәрі?

Алдымен алматылық клубтың маусымға дайындық кезіндегі жағдайымен таныс болайық. Владимир Вайсс «Қайратты» қолға алғалы ойын жүре бастады. Өткен жылы қола жүлдеге ие болған алматылық команда 60 жылдық мерей тойында чемпиондыққа қол жеткіземіз деп дәмеленген. Қысқы үзілісте «Қайрат» сапын бірқатар мықты ойыншылар толықтырды. Ресей чемпионатында доп тепкен Дмитрий Хомич, Заурбек Плиев, Михаил Бакаев сияқты тәжірбиелі ойыншылар Алматы қаласының бас клубына ауысты. Сонымен қатар, Словакия чемпионатында өнер көрсеткен Милош Лачны және де отандық футболсүйер қауымға жақсы таныс Аслан Дарабаев пен Ермек Қуантаев «Қайратқа» чемпион боламыз деген мақсатпен келді. Осылайша, маусым алдында бес қаруын сайлап, «Гамбург», «Жилина», «Ростов» пен «Краснодар» секілді аты әлемдік аренаға таныс бірнеше клубтарға қарсы ойнап дайындығын пысықтады. Алайда...

Орындалмаған «еуропалық арман»

Көп мақтаған, ел жақтаған, чемпиондықтан таласы бар алматылық клуб маусымды нашар бастады. Владимир Вайсс қалай ақталарын білмей әбігерге салынды. Чемпионаттың шымылдығын ашқан «Атырауға» қарсы кездесуде 0:1 есебімен жеңілді алматылықтар. Артынша «Жетісу» ренжітіп кетті «Қайратты». Одан кейінгі «Ордабасыға» қарсы ойында да қарық қылмады «халық командасы». Қатарынан үш ойында ұтылғаннан кейін жанкүйер шулады «Вайсс кет!» деп. Біреулер мұны уақытша құбылыс деп бағаласа, бәзбіреулер жеңілістің себебін бас бапкерден көрді. Мұндайдан кейін словакиялық маман еңсесін тіктеп алады деп кім ойлаған? 12 ойында алматылық команда 36 ұпай еншілеп, турнир кестесінің 12-шы орнынан алғашқы үштікке «қарғып» шықты. Чемпионатпен қатар, ел Кубогы мен Еуропа лигасында өнер көрсетті. Жазғы үзілісте Жерар Гоу, Сито Риера, Исаэль сияқты легионерлер қатарды толықтырған. Еуропалық бапкермен еуропалық ойын өрнегін көрсете бастаған «Қайрат» албаниялық «Кукесиді» жеңіп, ұлан-асыр той жасады. Бірақ, алматылық жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа бармады. Даниялық «Эсьберг» жолды бөгеп маусымдағы Еуропа есігін тарс жапты «Қайрат» үшін. Десек те Алматыдағы соңғы еурокубоктық ойыннан үлкен әсер алған жергілікті жанкүйерлер «Қайратқа» қолдау көрсетіп үлкен футболдың сынық сүйемдей бөлігін көріп үлгерді...

Дүние қалды-ау бір күн күліп ойнап...

Турнир кестесінде көш бастап, чемпиондықтан дәмелі екенін анық аңғартқан алматылықтардың жарқын жеңістері басталды. «Қайрат» командасы «Ақтөбені» 7:1, семейлік «Спартакты» 4:1, «Шахтерді» 6:1 есебімен ұтқанда, бас бапкер Вадимир Вайсс «Өзімді бақытты сезінем» деп интервью берді. «Халық» командасының 60 жылдық мерей тойында шетелдік жұлдыздар ардагерлермен доп тепті. Бірақ, ел біріншілігі аяғына жақындаған сайын «Қайраттың» төбесіне қара бұлт үйірілді. Былтырғы маусымда «Қайратқа» жарамай «Қайсарға» ауысқан Землянухиндер «Орталықта» атой салып екі ұпай тартып алды осы сәтте. Жә, оны былай қоялық. Алайда чемпиондық жолдағы басты қарсылас «Астананы» ұтуға міндетті еді «Қайрат». 5:1! Чемпион атағына кім лайықты екені белгілі болды. «Астана» бәрін сатып алды, анау-мынау» деген өсек аяндар тарады артынша. «Мүмкін емес «Қайраттың» бұлай жеңіле салуы» деді жанкүйерлер. Сол ойыннан кейін шешіну бөkмесінде қандай оқиға болғаны бір құдай мен ойыншыларға ғана аян. Не болса да команданың қадір-қасиеті мен басындағы бақ-дәурені одан әлде қайда бұрынырақ кеткен анық. Мұның бәрін алдын-ала болжаған Лория Түрік топырағында алfңсыз доп теуіп жүр...

Болар іс болды, бояуы сіңді... «Қайрат» ел біріншілігінің екінші орыны мен Қазақстан кубогы үшін талас жүргізуде. Алайда, бас бапкерсіз. Осы ретте «PROСПОРТ» тілшісі командадағы ішкі жағдайды ой елегінен өткізіп келеңісіздіктердің себеп-салдарына түсініктеме беріп көрмек.

Жоқ жерден ұпай жоғалту

Иә, осы чемпионат соңындағы 7 ұпай «Қайратты» чемпиондықтан айырды. Мүмкін, «Шахтер» және «Қайсармен» тең ойнамай, жеңіске жетіп 6 ұпай олжалағанда және «Астанамен» тым болмағанда тең түскенде қазір «Қайратты» чемпиондық тәжбен көрер ме едік.

«Бесеудің» оқиғасы

Клуб басшылығының чемпионат соңындағы негізгі құрамның бес бірдей ойыншысын командадан шеттетуі алматылық ұжымның ойынына өз әсерін тигізбей қоймады. Әрине, мұндай жағдайдан кейін команда ішіндегі көңіл-күй бұзылып, жеңіске деген құлшыныс бәсеңдейді. Бес футболшының ішінде қиыншылықта да, қуанышта да ұжымды өрге сүйрелеген капитан бар-тұғын.

Бапкер жұмысына басшылықтың араласуы

Көп жағдайда клуб басшылығы бапкердің ісіне араласып, әмірін жүргізгісі келеді. Мұндайда іс алға баспайтыны анық. Жаттықтырушы деген - дирижер! Команданы сеніп тапсырған соң ерік беріп нәтиже күту керек. Бұл жағдайда басшылық артық қылам деп тыртық қылып алғанға ұқсайды.

Міне, осындай факторлар «Қайраттың» чемпион боламын деген мақсатына балта шапты деуге келеді. Ал, «Астана» клубының чемпион болуы өз алдына бір тарих. Оған да бір тоқталармыз...

Ой қозғаған: Айбар РЫСДӘУЛЕТ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или