Күрес түрлерінен 2020 жылғы Олимпиаданың іріктеу турнирі кейінге қалды

Күрес түрлерінен Олимпиадаға Еуропалық іріктеу турнирі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дода кеше Венгрияның Будапешт қаласында басталуы керек еді. Алайда, коронавирустың таралу қаупіне байланысты жарыс кейінге қалды. Қазіргі кезде көптеген әлемдік және әлемдік емес турнирлер кейінге жоспарланған немесе өтпейді. Бұған 30 сәуірге жоспарланған күрес түрлері бойынша әлемдік іріктеу кіруі мүмкін.
Айта кетейік, күрестен Азияның іріктеу турнирлері де белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или