Ел намысын еурокубокта қорғайтын клубар анықталып қойды

2014 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының бітуіне бір тур қалғанда алғашқы алтылықта өнер көрсетіп жатқан командалардың тағдыры шешіліп қойды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қайраттың» «Ақтөбеден» жеңілгеніне батысқазақстандықтардан көрі, «Астана» қуанған шығар. Алматылық команданың үш ұпай жоғалтуымен «Астана» біріншіліктің аяқталуына бір тур қалғанда чемпион атанды. Демек, Чемпиондар лигасында ел намысын елордалық ұжым қорғайды.

Екінші және үшінші орынды «Қайрат» пен «Ақтөбе» сарапқа салады. Бұл командалар Еуропа лигасына жолдама алып қойған. Қос клуб Қазақстан кубогының финалында кездесетінін ескерсек, еурокубокқа берілер жолдаманы төртінші орын алған команда еншілемек. Бұл – «Ордабасы». Шымкенттік команда бесінші сатыда тұрған «Қайсардан» үш ұпайға озып тұр. Соңғы турда «Ордабасы» ұтылып, қызылордалықтар жеңіске жеткеннің өзінде турнир кестесі өзгермейді. Қазақстан чемпионатының тәртібіне сәйкес командалардың ұпайы бірдей болса, жеңіске жеткен матчтарының саны қаралады. Бұл тұста «Ордабасы» 13, «Қайсар» 9 кездесуде үш ұпай олжалаған.

«PROСПОРТ» редакциясы келер маусымда ел намысын қорғайтын командаларға сәттілік тілейді!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или