Арынғазы Беркімбаев
Шулы жағдайда «Ақтөбе» футбол клубының бас менеджері қызметінен босатылған Горан Велькович Қазақстанға өзін Арынғазы Беркімбаевтың шақырғанын айтады. Prosports.kz-ге берген сұхбатында қазақстандық кәсіпкер серб азаматын елге қалай шақырғанын, және «Ақтөбені» болашақта қандай мәселелер күтіп тұрғаны жайлы айтты.
<span>- БАҚ бетінде есіміңіз </span><span>«Ақтөбе»</span><span> клубына байланысты айтылып жүр.</span>
<span>- Мен бұрыннан спорттың айналасында жүрген адаммын. Әрі қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуден ешқашан бас тартқан емес. Мен білсем, команданың Бірінші лигаға «ұшып кеткенінен» де басқа мәселелер бар екен. Аймақ басшыларының бұрынғы басшылықты жұмыстан босатуына, олардың команданы Премьер-лигада алып қалу міндетін орындай алмағандығанан ғана емес екені белгілі болды. </span>
Мен бұған дейін де бір команданы дағдарыстан шығарған тәжірибем бар адаммын. Әрі Хорватияның Қазақстандағы консулымен де таныстығым бар. Солар арқылы әр салада қызмет істейтін шетелдік мамандарды таптым. Мәселен, футбол алаңдарына заманауи жасанды жабынды жеткізетін спорт менеджерлері мен заманауи спорт нысандарының дизайнерлері де бар. Олардың арасында Хорватия, Сербия, Словения және украиналық мамандар болды.
Сербиялық кәсіпкер Горан Вельковичті қызметке шақырдық. Бұл маман Италияда тұрады, Ресейдің, Украинаның футболын жақсы біледі. Бұрынғы футболшы, қазір әйгілі агент біздің клубтың мәселесін шешуге бел шеше кірісті. Оқу-жаттығу жиынына кетер алдында Владимир Маминов басқаратын бапкерлер штабы құрылды, оны клубтың директорлар кеңесі бекітті. Бұл құрам бар болғаны бір ай ғана жұмыс істеді.
Вельковичті өз саласының маманы ретінде маған достарым ұсынған. Менің ойымша, мен туралы да оған жақсы мінездеме берілген секілді.
Мен өзім көмекші бола алмайтындықтан оған Дәулет Арыстанғалиевті ұсындым. Бұл жігітті танымаймын. Басқаша айтқанда, команданың менеджерімен дос екенімді білген соң, бұл жігіт мені өзі «тапты». Ал Горан Ақтөбеге 4-5 рет ұшып келіп, ұйымдастырушылық мәселелермен айналысты.
Сөйтіп, команда Түркияға оқу-жаттығу жиынына ұшып кетті. Алексей Петрушиннің айтуынша, осы уақытта олар Алексейді шақырып, бас бапкер қызметін ұсынған. Ал бұл кезде команда Маминовтың жетекшілігімен жаттығып жатқанына екі апта болған. Петрушин өз кезегінде бас бапкердің орны бос болмаса, бұл қызметке кірісуге келіспейтінін айтқан.
Мені таңқалдыратыны, бапкер тағайындалып, бір айдан кейін еш себепсіз қызметінен қуатын болса, әу баста маманның кандидатурасын не үшін мақұлдады?! Егер Маминовтың қызметін себепсіз жоққа шығаратын болса, клуб айыппұлдар мен трансферлік шеткеулерге ұшырауы мүмкін. Мұндай мәселе футболда жиі кездесіп жатады.
Менің білуімше, қазіргі клуб басшылығына командаға ешкімнің мән бермегені тиімді болып тұр. Бірақ аймақ басшылары бәрін бақылауда ұстаймыз деп отыр. Сондықтан алдағы уақытта барлық шындық ашылады деп ойлаймын.
Өткенде әзірбайжандық спортшы шулы мәлімдеме жасады. Осы іс жөніндеАртур Смағұлов өзінің еш қатысы жоқ екенін айтып ақталып жүр. Бірақ «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген сөз бар. Баспасөзде бұл жайлы аз жазылған жоқ.
- Сізді клуб болашағы жайлы не мазалайды?
- Келісімсіз қызметінен қуылған мамандарға айыппұл төленсе, бұл клубқа қосымша шығындар туындатады. Бәріміз білетіндей бір кездері Дмитрий Васильевпен де осындай жағдай болған еді.
Сосын футбол әлемінде өз сенімімізді жоғалттық. Шетелдік мамандарды өркениетті адамдарға жараспайтын әдіспен қызметінен қуып жірдік. Сербиялық маман Горан Велковичтің, командадан қуылған бас бапкер мен оның көмекшілерініңжұмысы қалай төленеді? Өйткені, олар командадан өз еріктерімен кеткен жоқ.