«Ертіс» пен «Қызыл-Жар» тең тарқасты
Қазақстан Премьер-лигасының 2-туры аясында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында петропавлдық «Қызыл-Жар» футбол клубын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойынның 18-минутында қонақтар сапынан Александар Соколенко гол соғып, командасын есепте алға шығарды. Бірінші таймның соңына қарай Карлос Фонсека мергендігімен көзге түсіп, есепті теңестірді. Ал кезедсудің екінші жартысында командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Қорытынды есеп 1:1. <br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или