Франция чемпионатында ойнайтын футболшы коронавирус инфекциясын жұқтырды
Франция чемпионатындағы «Труа» клубы футболшыларының бірі коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы клуб өзінің ресми парақшасында жазды, бірақ ойыншының аты-жөні құпия күйінде қалды. Ал L'Équipe басылымы қауіпті вирусты жұқтырған оңтүстік кореялық Хюн Джун Сук екенін айтып отыр.
Айта кетелік, бұл Франция лигасындағы алғашқы оқиға. Бұған дейін Лига-1 мен Лига-2 турнирлері қауіпсіздікке байланысты тоқтатылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или