КОНКАКАФ барлық турнирлерін кейінге шегерді
Солтүстік және Орталық Америка, сондай-ақ Кариб бассейні (CONCACAF) футбол конфедерациясы өзінің аясындағы барлық турнирлердің тоқтатылатыны туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
Мұндай шаралар бүкіл әлемде коронавирус індетіне байланысты жасалып отыр. Ауру 5 мыңға жуық адамның өмірін жалмады.
КОНКАКАФ төрт жарыстың - жергілікті Чемпиондар лигасының, Олимпиадалық іріктеу турнирінің, Алтын кубоктың бірінші іріктеу кезеңінің және <span>Caribbean Club Shield</span> матчтарын кем дегенде бір айға кейінге қалдырды.
Еуропа мен Оңтүстік Америкадағы футбол турнирлері бұған дейін тоқтатылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или