Ағылшын премьер-лигасы чемпионатты тоқтатты

Ағылшын премьер-лигасы чемпионатты тоқтатты

Ағылшын премьер-лигасы өзінің ресми сайтында коронавирус індетіне байланысты ағымдағы чемпионат 4 сәуірге дейін уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футбол лигасының құрамына кіретін Англияның Бірінші және Екінші лигаларындағы чемпионатта да осындай шаралар қолданылды.

Бұған дейін «Арсенал», «Челси» және «Эвертон» клубтары ойыншылардың коронавирусты жұқтыру фактілері расталғанына байланысты карантинге жіберілген болатын. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ойындары уақытша тоқтатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или