Роналду карантинге жатқызылды
Белгілі футболшы Криштиану Роналду Мадейра қаласында оқшауланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.
<span>Жаңа COVID-19 коронавирусы «Ювентус» футбол клубының ойыншысы Даниеле Руганиден табылған соң, анасының халін білу үшін Мадейра қаласына барған Криштиану Роналду да оқшауланған. </span>
<span>Бірақ ойыншының өзінде де, отбасы мүшелерінде де коронавирус белгілері жоқ. Бұл туралы Мадейра денсаулық сақтау министрі Педру Рамош хабарлады. </span>
<span>«Роналду бірнеше күн бұрын Италиядан кеткен. Оны оқшаулау Мадейраға келмей-ақ басталған еді. Әзірге одан да, отбасы мүшелерінен де ешқандай симптомдар байқалған жоқ», - деді Педру Рамош.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или